Тараз қалалық Қоғамдық кеңестің 2017 жылда атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Тараз қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа белесінде Елбасы Назарбеав ұсынған реформалар аясында билік пен азаматтық қоғам арасындағы дәнекер, әрі Президентіміздің ұсыныстарын, мұрат - мақсаттарын бір арнаға тоғыстыруға, қала тұрғындарын кешегі әміршілік кеңесттік жүйеде мейлінше мемлекеттендірілген көнген, тіршілікте бейқам әрі бейжай күйден арытылуға ықпал етіп, жұршылықтың қоғам ісіне қатысуға және жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге Қоғамдық кеңес қалыптасу кезеңінде қала басшысы мен қала мәслихат хатшылығымен бірлесе отырып жұмыстарымызды іске асыра бастадық.
Аталған кезеңдегі уақыт аралығында атқарған жұмыстарымыз Қоғамдық кеңестің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі саясатты іске асыруға, қалалық деңгейлердегі органдардың шешім қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыруға барлық Қоғамдық кеңес мүшелері жоғары деңгейде жұмыстар атқарды.
Жоғарыда айтылған талаптар тұрғысында 2017 жылы қалалық Қоғамдық кеңес президиум отырысын 15-қоғамдық тыңдау өткізіліп, 31-мәселе қаралды. Бұның барлығы Елбасының айқындаған реформалар аясында қалалық, мемлекеттік мекемелердің атқарып жатқан ауқымды істерімен сабақтаса өріліп, қомақты істер атқарғандығы.
Сондай-ақ қала әкімдігінің жер қатынастары, білім, мәдениет, сәулет және қала құрлысы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, энергетика мен тағы да басқа мәселелері жөніндегі 9-дан астам нормативтік- құқықтық актілердің жобалары қарастырылды. Сонымен қатар, 12- мемлекеттік орган басшылары мен ПИК төрағаларының есебі тыңдалып, Кеңес мүшелерімен 6- қоғамдық мониторингтер жүргізілді.
Қоғамдық кеңес отырысында 10-ға жуық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобалары талқыланды.
2017 жылы Қоғамдық кеңесте 24 азамат қабылданып, кеңес мүшелері тұрғындардың өтініштерін қарастырды. Қала аумағында өзін-өзі басқару органдарының қоғаммен тығыз қарым –қатынаста өзара іс –қимыл жасауын дамытуға қолдау көрсетуде.
Қоғамдық кеңестің ашықтығы жөнінде айтсақ, есеп беру кезінде кеңес шешімдерін, маңызды мәселелерді талқылау, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қалалық «Жамбыл-Тараз», облыстық «Ақ Жол», «Знамя труда» газеттерінде 11 мақала жарияланып, «Қазақстан –Тараз» және «77» ТВ телеарналарында 9 көрсетілім, әлеуметтік желілерде 7-ге жуық материалдар орналастырылды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ. Бекболатов